Фото: Sports.kz
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) шаршы алаңға тамыз айында қайта шығады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Boxrec.com сайтының ақпаратынша, Ахмедов келесі жекпе-жегін 15 тамызда Санта-Инезде (АҚШ, Калифорния) өтетін бокс кешінде өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз, бірақ жекпе-жектің форматы анықталды – орта салмақтағы бірінші жекпе-жек он раундқа жоспарланған.
Садриддин Ахмедов соңғы рет сәуір айында мексикалық боксшы Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) жұдырықтасқан болатын. Бұл жекпе-жекте Ахмедов айқын фаворит саналды, бірақ жекпе-жек ақыры тең аяқталды.