Сәбиттің баланы құтқанған сәтін видеоға түсірген әйелге кәсіпкер ақшалай сый жасады

Өткен аптада сегізінші қабаттан құлап бара жатқан үш жасар бүлдіршінді құтқарған Сәбит пен Сағидың ерлігін дүйім жұрт естіді. Екеуіне мемлекеттік марапат пен бір-бір пәтердің кілті табысталды, халық алғысын жаудырды. Ал қос азаматтың ерлігін видеоға түсірген Бақыт Четенова “маған ешкім алғыс айтпады” деп реніш білдірді. “Қазақстан” Ұлттық арнасының “1001 түн” бағдарламасында әйелге отандық Дулат есімді кәсіпкер мен айтыскер ақын Сара Тоқтамысова сый жасады, деп хабарлайды Qazaq.Today тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сәбит пен Сағидың қуанышына себепкер болған Бақыт Четенова бірер күн бұрын ұл босанды. Бұл әйелдің төртінші перзенті. Өзі перзентханада жатқандықтан, телефон арқылы байланысқа шықты. Оқиғаның қалай болғанын әйел бұған дейін де айтқан еді. Ал ақын Сара Тоқтамысова Бақыттың еңбегі зор екенін айтып, оған өз сыйын жолдады.

“Сәбит пен Сағидың қуанышы күллі қазақты қуантты. Сол бір видео арқылы қаншама жақсы пікір, ой туындады.

Бақыт ханымға тек жақсылық тілеймін. Қол-аяғын бауырына алып жатыр екен. Алла Тағала бөпеңіздің ырыс-несібесін молынан етсін. Адамнан емес, Алладан күтіңіз.
Бірақ сіздің бұл ісіңіз көпке үлгі болатын жағдай. Себебі шыны керек, қаншама жағдайлар болып жатыр. Оның барлығы айтылған жерде қалып жатыр. Ал бұл жерде марапат алып, сол видео арқылы шетелге таралып жатыр. Сондықтан сіздің еңбегіңіз ерен.

Өзімнің атымнан сізге отандық “Сараның сандығынан” брендінен арнайы сыйымды тарту етпекпін”, – деген ақын Бақыт Четеноваға кәжекей сыйлады.

Сол сияқты, Сәбит Шонтақбаев пен Сағи Жылқышиев видео арқылы байланысқа шығып, өздерін видеоға түсірген әйелге алғыс білдірді.

“Бүгінгі сүйінші хабарды естіп, біз де қуанып жатырмыз. Қазаққа тағы бір батыр қосылды. Ұлыңыздың білегі мен жүрегіне ерлік берсін. Ұлтқа пайдасы бар азамат болсын”, – деді Сәбит Шонтақбаев.

“Біз сол күні видеоға кім түсіргенін білдік. Бірақ мүмкіндік болмады. Біздің қуанышымызға себепкер болғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Балаларымыз аман болсын”, – деді Сағи Жылқышиев.

Ал бағдарлама соңында Дулат есімді алматылық кәсіпкер Бақыт Четеноваға қаржылай сый беретінін айтты.

 

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here