Сабина Алтынбекова «сүйіктісін» көрсетті (ВИДЕО)

Қазақстанның танымал волейболшысы, модель әрі әлеуметтік желілердің жұлдызы Сабина Алтынбекова жаңа видеосымен жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпараттық агенттігі.

Сабина Алтынбекова өзінің Instagram парақшасында ат үстінде шауып келе жатқан сәтін жариялап, ел назарын аударды. Видео жазық далада, кең дала төсінде түсірілген. Спортшы шабандоз ретіндегі шеберлігін паш етіп, ұлттық болмысты дәріптеген.

«Мен және менің сүйікті Абыройым», — деп жазды ол жариялаған видеосының сипаттамасында.

Желі қолданушылары Сабинаның жаңа қырын көріп, жылы лебіздерін білдірді. Бірі оның қазақ қызына тән көркем бейнесін атап өтсе, енді бірі ұлттық салт-дәстүрге жақындығына тәнті болған.

Алтынбекова – спорттағы жетістіктерінен бөлек, сән, мәдениет пен жастар арасындағы патриоттық рөлінің арқасында кең танылған тұлға. Бұл видеосы да ел арасында қызу пікір тудырып, шабандоздық өнерге қызығушылықты арттыра түсті.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Sabina Altynbekova | S20 (@altynbekova_20)