Ішкі істер министрлігінің бастамасымен әзірленген бұл ұсыныс «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Атап айтқанда, жаңа өзгеріске сай, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа 135-1-бабы енгізілмек, деп хабарлайды Qazaq.today Ulys.media.kz-ке сілтеме жасап.
«Мемлекеттік медициналық ұйымдар және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі фактісін 3 күнде хабарламауы ескерту жасауға әкеп соғады.
Көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», — деп жазылған жаңа редакцияда.
Qazaq.today