Танымал тележүргізуші Анна Данченко өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айта кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Маған жиі қойылатын сұрақ: «Саған қандай жігіт керек?». Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербековтің әндерін тыңдайтын жігіт керек. Жауап осы», — деп жазды Анна Данченко.
Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл жазбасына түрлі пікір жазды.
«Екеуініңде 99% әндеріне қосылып шырқап кете алатыным бар. Қалай?», «Бұл әнді де білемін, «Меломен» тобының орындауында көп тыңдағанмын», «Мен Ғазизханды үнемі тыңдап жүремін», — деп жазды желі қолданушылары.