СҚО-дағы колледж студенттерінен ақша бопсалаған адам ұсталды

Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің студенттерімен жеке әңгімелесу барысында бірінші курс студенттерінен жүйелі түрде қорқытып, ақша алу дерегі анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабының 1-бөліміне сәйкес соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ақжар аудандық сотының 28 қарашадағы үкімімен колледждің 3-курс студенті кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Бұл деректі оқу орнының басшылығы білгенімен, құқық қорғау органдарына хабарламаған. Колледждің директоры мен жауапты тұлғалары заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды», — деп жазылған хабарламада.