СҚО-дағы аудан орталығында ер адамды қатыгездікпен өлтіріп кетті

Фото: Qazmedia.kz

Есіл ауданының Явленка ауылында ер адамның мәйіті табылды. Белгілі болғандай 56 жастағы жергілікті тұрғын кісі қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Qazaqstan Media сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады СҚО ПД өкілдері.

Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесі 11 қаңтар күні таңғы сағат 8:30 шамасында СҚО Есіл ауданының Явленка ауылында өзінің үйінің маңында табылды. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері балта тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктілер анықталды. Полиция 59 және 29 жастағы екі ер адамды ұстады.