Фото: ашық дереккөзден
Италия азаматы Аджигирио Грацио Оралға интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге келген. Алайда оны әуежайда қарсы аламын деген сүйіктісі сол қалпы келмеген. Ғашынығын іздеген италиялық «сері» полицейлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі ІІМ телеграм каналына сілтеме жасап.
Махаббаты алдап кеткен италиялықты қалада кезекшілік жасап жүрген патрульдік полиция инспекторлары Руслан Мұқсанов пен Манарбек Сатқанқұлов байқап қалған. Қайырымды полицейлер алыстан аңсап жеткенде, ғашығын көре алмаған шетелдіктің мұңын тыңдаған.
Жағдайды білген полиция қызметкерлері оған қамқорлық танытып, қажетті көмекті көрсетті. 64 жасында сыңарын іздеген италиялық алдағы күндері Италияға оралатынын айтты.