Сүйіктіңді қуантудың жеті жолы: жаныңның жүрегін жаулайтын романтикалық идеялар

Түрлі бағалы сыйлықтар жасау үшін көп еңбектену қажет. Өйткені бағалы сыйлықтар материалдық шығындарды, адал еңбекті талап етеді. Құнды сыйлықпен қатар ерекше көңіл-күй сыйлайтын, естен кетпес әсер қалдыратын ерекше сәттерді де ұйымдастыра білу маңызды. Qazaq.today төменде сүйген қызыңның жүрегін жаулайтын идеялар топтамасын ұсынады.

    1. Романтикалық кешкі ас

Үй жағдайында немесе мейрамханада оңаша романтикалық кешкі ас ұйымдастыру. Егер үйде өткізсеңіз, шам жағу, ерекше безендіру, сүйікті тағамдарын әзірлеу арқылы әсерлі атмосфера жасауға болады. Ал мейрамхананы таңдаған жағдайда, тыныш, жанға жақсылық, жүрекке қуаныш сыйлайтын орын мен ұнайтын тағамдарға тапсырыс беру маңызды.

    2. Серуенге арналған тосын сапар

Сүйіктіңді ерекше жерге, табиғат аясына, жақсы демалыс орындарына апару маңызды. Бұл табиғат аясындағы демалыс, тауға шығу, көл жағасына пикник немесе қала сыртындағы әдемі жерге серуен болуы мүмкін. Табиғат аясы мен жақсы демалыс орындарына бару өзара сыйластықты арттыра түсері сөзсіз және бұл әрекеттер сүйіктіңе деген құрметтің белгісі саналады.

     3. Видеоқұттықтау, фотоколлаж немесе ықылысқа толы сөздермен құттықтау

Сүйіктіңіздің жақын достары мен туыстарына да құттықтау жасаңыз. Немесе бірге түскен ерекше суреттеріңізден фотоколлаж әзірлеуге болады. Шын жақсы көрсең сүйіктіңнің жақындарын да қуантуға асық және құттықта. Бұл жігіттің қызын шын жақсы көрудегі басты белгілерінің бірі саналды.

     4. Сүйіктіңнің жүрегіне үңіл

Жақсы көрген қызыңның жай уақытта қалай жүргенін білуде маңызды. Ғашығың жұмыста немесе оқуда қиналып жүрген жоқ па? Оның күнделікті тұрмыстық жағдайын білу және оны жақсартуға жағдай жасау да маңызды. Өмір тек мерекелік күндерден тұрмайды. Жай уақытта да сүйген қызыңа қол ұшын өзекті. Сүйіктіңе тек сыйлықтар ғана жасамай, оның өзінің қалауы бойынша қажетті заттарын алуға жәрдем беру де маңызды.

     5. Таңғы ас төсекте

Сүйіктіңді ерекше түрде оятқыңыз келсе, оған сүйікті тағамдарынан тұратын таңғы ас дайындап, төсегіне апару. Мұндай күтпеген көңіл бөлу ерекше қуаныш сыйлайды.

     6. Армандарын орындау

Сүйіктіңіздің көптен бері армандап жүрген нәрсесін еске түсіріп, оны шындыққа айналдыруға тырысыңыз. Мысалы, ол қандай да бір жақсы көретін еліне, қалаға, мемлекетке баруды армандаса, оған міндетті түрде билет алып беріп, саяхат сапарының барлық жағдайын жасаңыз. Әлемді бірге аралау немесе сапарлауға мүмкіндік беру — жоғары эмоция сыйлары сөзсіз.

7. Меркесіз, ешқандай датасыз да құрмет көрсету

Арнайы мерекелерде ғана ғашығыңа мән беріп, басқа уақытта сыйлық жасамау сезімге сызат түсіруі мүмкін. Жақсы көрген нәзік қызыңды аялап ұстаудың бір жолы — жиі хабарласып, жағдайын білу және ғашығыңа ұнайтын сыйлықтар жасау. Әртүрлі сыйлықтар ғашығыңның өзіне деген сенімін күшейтіп, өзін  құрметтейтін, аялайтын, ол үшін өмір сүруге дайын адам бар деген сенімін күшейтеді. Мерекесіз де бағалы, құнды сыйлықтар жасау — ол енді жігіттің жігеріне, еңбекқорлығына, жүрегінің кеңдігіне, батылдығына тікелей байланысты.

Ең бастысы – тосын сый шын жүректен жасалуы керек. Кішкентай, бірақ жүрекке жылы тиетін тосын сыйлар сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызды одан әрі нығайта түседі! Ғашық болу, жақсы көру жақсы, ал оны қадірлеп ұстап тұрудың басты жолы — сыйластық пен құрмет! 

Фото: drive2.ru