«Рыбакинаны сатқын деді»: ресейлік журналист спортшымен сұхбаттаса алмағынын айтты

 

Ресейлік спорт комментаторы Софья Тартакова «Матч ТВ» телеарнасынан шыққан «Есть тема» бағдарламасының салдарынан Елена Рыбакаинамен сұхбаттаса алмағанын айтты. Бұл туралы ол Sport.ru сайтына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мен Рыбакинамен бұрыннан таныспын, оның әкесі «НТВ-Плюс» телеарнасының продюсері болған, біз оны (авт. Елена) теледидарлық, спорттық кештерде әрдайым көріп жүретінбіз. Әрине, біз бұл жеңісті үлкен қуанышпен қабылдадық. Өкінішке қарай, Ленамен сұхбаттаса алмадым. Ал турнир барысында онымен байланыста болдым, сұхбатқа қатысты өзара келіскен едік. Бірақ «Есть тема» бағдарламасы эфирге шығып, онда сарапшылар оны спорттық жезөкшеге теңеді. Бағдарламада дәл осылай айтылды демеймін, бірақ егер Қазақстанның өнер көрсетуіне тыйым салынса, ол тағы да азаматтыған өзгертеді дегенге келтірді. Бұлай әңгіме айту орынсыз», – деді Софья Тартакова.

Дәл осы бағдарламадан кейін журналиске телеарна Елена Рыбакинамен сұхбат жазуды тапсырған еді. Алайда Рыбакина келісімін бермеген. Алғашқыда оның командасы, кейін Ленаның өзі байланысқа шығып, соңғы болған жағдайларға байланысты ешбір БАҚ өкіліне сұхбат бермейтінін мәлімдепті.

«Оның азаматтығы мен алған атағын екіге бөліп, жан-жақты талқылай бергендіктен агенттері оған журналистермен байланысқа шықпау жөнінде кеңес берген. Меніңше, бұл біздің арнамызда шыққан бағдарламамен тікелей байланысты. Өйткені ол жерде оны Отанын сатты деп айыптады», – деді журналист.

Сондай-ақ, спорт комментаторы дәл осы «Есть тема» бағдарламасының салдарынан көптеген спортшылардың телеарнаға сұхбат бергілері келмейтінін айтып өтті.

Журналистің мәлімдемесінен кейін «Матч ТВ» телеарнасы Софья Тартакованы жұмыстан шығарғаны белгілі болды.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here