Рудный шахтасында жұмысшы қаза тапты

Жазатайым оқиға Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің Соколов шахтасында болған. 280 метр тереңде жұмыс істеп жатқан шахтер қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Ақпаратты комбинаттың баспасөз қызметі растады.

— Өндірісте құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін 280 метр тереңдікте тау-кен массасының бір бөлігі опырылып, жұмысшының үстіне құлап басып қалған. Салдарынан қызметкер ауыр жарақат алып қаза тапты. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген ресми хабарламада.

Кәсіпорын ұжымы көңіл айтып, сондай-ақ марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.