Рудныйда студенттерге сапасыз ас берген асхана жетекшісіне 700 мың теңге айыппұл салынбақ 

Рудныйдағы Тау-кен технологиялық колледжінің астан уланған студенттері сапасыз салат жеген. 20-сәуір күні 70 шақты студент дәрігерлерге шағымданған еді. Құзырлы органның мамандары,  сапасыз ас дайындағандарға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды  облыстық  «Қостанай таңы» газеті «iagorod.kz» порталына сілтеме жасап.  Жасөпірімдердің 35-і медициналық көмекке жүгінсе, олардың 14-і «гастроэнтерит» диагнозымен ауруханада жатқызылған еді. Қалғандарына амбулаториялық ем тағайындалған.

«Асқыну белгілері жоқ. Балалардың жасы 14-17 жас аралығында. Келгендегі клиникалық белгілері бәрінде температура, құсу, іш өту болды. Қазір жағдайлары бірқалыпты», -деді Рудный қалалық ауруханасының педиатр–дәрігері Еркежан Садықова.

Соңғы мәлімет бойынша 26 сәуірде барлық студенттер ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды және қазір медициналық бақылауда. Жаппай улану оқиғасына байланысты Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс жүргізіп, қортындысын шығарды. Студенттердің астан уалануына асханадағылар кінәлі болып шықты. Қостанай облысындағы санитар дәрігерлер зертханалық тексеріс нәтижесін жариялап, жағдайдың болжамды себебін айтты. Тексеру барысында асхананың өзінде талап бұзылғаны анықталған. Атап айтқанда, ас күні бұрын дайындалып, тиісті мөлшерде салқындатылмай сақталған. Даярлау технологиясы бұзылған. Қызметкерлердің медициналық кітапшалары болмаған. Зертханалық тексеру кезінде олардың үшеуінің ағзасынан патогенді стафилококк табылған. Бұл бактерия салат дайындалған қияр мен сәбіздің де құрамынан анықталды.

​«Барлық талаптардың бұзылуы бойынша ақпарат Полиция департаментіне жіберілді.  Егер осы оқиғаның құрамынан қылмыстық әрекет табылмаса, біз заңды тұлғаны әкімшілік жауапқа тартамыз. Яғни 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, – деді Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Рагүл Тәженова.

Оқиға бойынша ПД  «Санитарлық ереже мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сералы Мырзабай

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here