«Ұрпақ сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: Танымал әнші жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Фото: Жеке парақшадан алынды

Кезінде танымал болған “Мақсат пен Мақсат” тобының экс әншісі Мақсат Құрақбаев жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Мақсат пен Меруерт жұбы “Тату-тәтті” бағдарламасында қонақ болды.

Дәрігер анализ қорытындылары дұрыс шықпағаны үшін ұрпақ сүю қабілетін төмен екенін айтқан.

“Былай қарап тұрсам, бізде бәрі дұрыс сияқты. Ағамның жеті, одан кейінгісінде бес баласы бар. Егізден де бар. Біздің әулетте балалы бола алмауға қатысты проблема жоқ сияқты. Дәрігердің сөзін естегенде мұздай су құйып жібергендей болды. Қазақта көбіне әйелден көреді ғой. Менен болғаннан кейін ешкімге айта алмадым. Анама да, әкеме де. Бір күні Меруертке (жарына) айтуыма тура келді. Бірден айта алмадым. Дайындалдым. Әншейін айта салмай, екеуміз екі жаққа кете салуымыз керек, өйткені оның жастық шағын маған арнап, балалы болмасақ не боламыз деп ойладым. Әрбір ананың арманы – бала сүю. Махаббатым деп өмірін өткізіп жіберем бе деген ой кетті. Өзіме оны айту оңай болған жоқ. Қазір біраз уақыт өткеннен кейін айтып жатырмын ғой. Ол кезде қатты қиналдым. Бір айдай айта алмай жүрдім. 10 жылдай көрінді. Өз-өзімді жеп қойдым. Содан не керек, Меруертке бәрін айттым. Сол кезде маған “Мақсат, қандай жағдай болса да, мен сенімен біргемін” деді. “Мен ертең қартайып, әже болып кетсем де өкінбеймін” деді. Сол маған үлкен күш берді, – деді әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qazaqstan.tv Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)