Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жұлдызы Криштиану Роналду Азия чемпиондар лигасы аясындағы «Әл-Шортаға» қарсы ойынға қатыса алмайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Дереккөздің айтуынша, 39 жастағы шабуылшының денсаулығы нашарлаған. Медициналық тексеру нәтижесінде португалдық футболшыдан вирустық инфекция анықталды. «Әл-Наср» дәрігері ойыншыға емдеу курсын жазып берді. Криштиану алдағы матчқа қатыспайды.
Айта кетейік, Криштиану Роналду Эр-Рияд клубында 2023 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Оның «Әл-Насрмен» келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жасалған. Биылғы маусымда футболшы клуб сапында ел чемпионатында 3 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Фото: oxu.az