Ринат Зайытов Спорт министрінен футболдан ұлттық құрама бапкерін ауыстыруды сұрады

Фото: Мәжіліс

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті орнынан алу туралы ұсыныс айтылды, деп хабарлайды  Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Депутаттар алдында елдегі спорт пен турзимнің даму барысы туралы есеп берген Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевқа футболдың төңірегінде сұрақ көп қойылып жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.

«Футбол жанкүйері ретінде өтінішім бар. Ұлттық құрамадағы бас бапкерімізге көз тиген бе, бірдеңе. «Ахмат» ойнаса да жеті гол кіргізеді, бізде ойнаса да бес гол кіргізеді. Осы кісінің біліктілігі жайлы мәселе көтеріп, ауыстыру керек сияқты», — деді Ринат Заитов.

Ойындарға билеттер сатыла бастады. Бүкіл ел бойынша жарнамалық науқанның «екінші толқыны» басталды.

Министр депутаттың осы және өзге де сауалдарына жазбаша жауап беретінін айтты.