Ол қошқарды мойнына отырғызып, 100 рет отырып, тұрды
Риддерде өткен қошқар көтеру сайысында әйел адам жеңімпаз атанды. Бұл туралы Qazaq.today агенттігі Noks.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айым Нұржанова ерлермен бірге қошқар көтеру жарысында 100 рет отырып, тұрып қарсылас шақ келтірген жоқ.
«Бұл нәтиже мен үшін қалыпты жағдай. Бірнеше жылдан бері бразилиялық жекпе-жек өнерімен айналысып келемін, мұнда күш жаттығуларына баса назар аударылады. Штангамен үнемі жаттығу жасаймыз. Жақында ғана ана атандым, бірақ спорттық шеберлігімнен айырылған жоқпын. Бұл жеңістің кілті болды», — деп мойындады чемпион.
Айымға сый ретінде өзі көтерген қошқар берілді.
View this post on Instagram