Риддер ЖЭО-да тағы бір штаттан тыс апат болды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары мәлім етті.
«Бүгін түнде жоғары қысымды қазандық апатты түрде сөндіріліп, резервті қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура тәулік ішінде көтеріледі», — деді Мұрат Байжүменов тұрғындарға.
Екібастұздықтар желіде үйлерінің күрт суығанын айтып шағымдануда. 18 сәуірде қалада ауа температурасы -7, түнде температура-10-13 дейін жетеді.
Айта кетейік, өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.
Бұдан бұрын ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ны монополиядан шығару қажеттігін айтқан.
Qazaq.today