Республика күні Жетісуда 40-қа жуық шара ұйымдастырылады

2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіруді және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынған болатын. Республика күнін мерекелік күнтізбеде қайта жаңғырту – бұл Жаңа Қазақстан өкілдерінің өз тарихи бастауын мойындауы мен ұрпақтар сабақтастығының, мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегі мен еркіндігін құрметтеудің символына айналмақ.

Игі бастамаға Жетісу өңірінің жұртшылығы қолдау танытты. Мереке қарсаңында облыс көлемінде 40-қа жуық шара ұйымдастыру жоспарланған. Олардың қатарында мәдени-көпшілік шаралар, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуы, спорттық жарыстар мен түрлі акциялар, кездесулер де бар. Бұл жайында Жетісу ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстың қоғамдық даму басқармасының басшысы Болат Бақбергенұлы мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Мәлікқызы айтып өтті.

«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы аясында облыстың Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық филармония мен барлық аудан-қалалалық әкімшіліктерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерттер, мемлекеттік әнұранды жаппай орындау, бейнеқұттықтаулар, отансүйгіштік шығармаларды мәнерлеп оқу сынды мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

«Іс-шаралар жоспарындағы маңызды шаралардың бірі – облыстың бірқатар аудан, қалаларында әлеуеттік нысандар мен пәтер кілттерін тапсыруы болмақ. Атап айтсақ, мереке күні Үштөбе қаласында 30 пәтерлі тұрғын үй кілті табысталады. Қаратал ауданының орталық ауруханасы мен Үшкөмей ауылында, Көксу ауданының Еңбекшіқазақ, Ақшатоған ауылдарында, Ескелді ауданының Теректі, Абай, Қоржынбай ауылдарында, Алакөл ауданының Еңбекші, Көкжар ауылдарында фельдшерлік медициналық пункттер халық игілігіне беріледі», – дейді Болат Бақбергенұлы.

Мереке сарқандықтар үшін де ерекше қуаныш сыйлайды. Сарқан ауданының Қарабөгет ауылында Саябақ және Сарқан қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығында халықтың цифрлық офисі, Ақын Сара атындағы орта мектептің стадионы мен демалыс аллеясы салтанатты түрде пайдалануға беріледі.
Мерекеге орай волонтерлік, қайырымдылық және ерікті ұйымдар желісі «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акцияларын ұйымдастырса, облыстың білім мекемелері тақырыптық тәрбие сағаттарын, салтанатты жиындар, кітап көрмелері, тарихи сағаттар және тақырыптық кештер ұйымдастырады.

Сонымен қатар 18-25 қазан аралығында баскетболдан жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты және спорт мекемелер арасында «Әкем,анам және мен – біз спорттық отбасы» атты отбасылық облыстық жарыс өткізілмек.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here