Sorting by

×

Республика күні: Қала әкімінің орынбасары алматылық ақын-жазушыларды марапаттады

24 қазан күні Алматы қаласы «Достық» үйінде Республика күніне орай ақын-жазушыларға «Парасат», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атақтары табысталды, деп хабарлайды Qazaq.today басылымы.

Алматылық қаламгерлерге марапатты қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев табыстады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге жемісті шығармашылық қызметі, рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқаны, сондай-ақ белсенді қызметі үшін Қасымхан Бегманов «Парасат» орденімен наградталады.

Сонымен бірге Мәдениетті дамытуға сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын Арасанбай Естен, жазушы, журналист Жандәулет Тұрсынбай, ақын Әділғазы Қайырбеков, ақын Бауыржан Қарбеков, жазушы Мағриа Қожахметова, жазушы Нұржан Қуантаев, жазушы Бахыт Мерекенова, жазушы Тұрсынәлі Рыскелді сынды қаламгерлер «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жеместі шығармашылық қызметі және мәдениеттегі жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен жазушы Заря Әмірқызы Жұманова, жазушы Ділдар Жанысбайқызы Мамырбаева наградталды.

Қансейіт Әбдезұлы, Дайрабай Тынышбек, Заида Елғондинова, Ғалым Қалибекұлы, Тұрсынбек Токин, Қуандық Түменбаев сынды қалам иелері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Алматы қаласы әкімінің сәлемін жеткізген А.Қырықбаев барлық марапат иелерін құттықтап, гүл шоқтарын табыстап, шығармашылық табыс тіледі.

Айта кетейік, Алматыда 1990 жылғы 25 қазанда еліміздің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жарияланды және осы атаулы күннен біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы өз бастауын алды.

Президенттің ыстық ықыласын жеткізген қала әкімінің орынбасары барлық алматылықтарды мерекесімен құттықтады.