Ресейлік кәсіпкер Алекс Конанихин Ресей президенті Владимир Путинді билікке «Ресейдегі көпқабатты үйлерді жару арқылы» келгенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.Today сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындағаны үшін 1 миллион АҚШ доллар сыйақыны ресейлік әскери кәсіпкер Алекс Конанихин Ресейдің Украинаға басып кіруін жалғастыруда осы аптада әлеуметтік желіде жариялады.
«Мен конституциялық міндетін орындай отырып, Ресей және халықаралық құқыққа сәйкес Путинді әскери қылмыскер ретінде тұтқындаған офицерге(лерге) 1 000 000 доллар төлеуге уәде беремін.
Путин Ресей президенті емес, өйткені ол Ресейдегі тұрғын үйлерді жару арқылы арнайы операцияның нәтижесінде билікке келді. Содан кейін еркін сайлаудан бас тартып, қарсыластарын өлтіру арқылы Конституцияны бұзды» делілген Конанихиннің Facebook парақшасындағы хабарламада.
«Мен этникалық орыс және Ресей азаматы ретінде Ресейді деназияландыруға үлес қосуды моральдық борышым деп санаймын. Мен Украинаға Путин Ордасының шабуылына төтеп берудегі қаһармандық күш-жігерімді көрсетуді жалғастырамын» деп түйіндеді кәсіпкер.
Хабарламада Путиннің фотосуреті бар сурет және «Іздеуде: өлі немесе тірі. Владимир Путин. Жаппай адам өлтіргені үшін».
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.
2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.
27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау үшін геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.