Ресейлік «Бірінші арнаның» тікелей эфиріне плакат ұстаған бойжеткен кіріп кетті (видео)

Дүйсенбі күні Ресей «Бірінші арнасының» «Время» бағдарламасы соғысқа қарсы акцияға байланысты күтпеген жерден үзіліп қалды.

Тікелей эфир кезінде болған оқиғанының видеосы әлеуметтік желіде жаппай тарап жатыр. Видео кадрдан «Время» бағдарламасының жүргізушісі Екатерина Андрееваның Батыс санкциясының салдарын азайтуға арналған үкімет жоспары туралы айтып отырғаны көрініп тұр. Сол сәтте оның артқы жағына белгісіз әйел жүгіріп шығып, «Соғысты тоқтатыңдар, пропагандаға сенбеңдер. Мұнда өтірік айтады» деген жазуы бар плакат ұстап тұра қалады да «Соғысты тоқтатыңдар!», «Соғысқа жол жоқ!» деп айқай салады.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Mash/Мэш (@mash_breaking)

Арада бірнеше секунд өткенде бағдарлама режиссері эфирді үзіп жіберіп, өзге сюжетті қосып жібереді.

Кейіннен бұл акцияны Бірінші арнаның Марина Овсянникова деген редакторы жасағаны, оның акцияға шығардан бұрын Украинадағы басқыншылықты қылмыс, Ресейді агрессор ел, Владимир Путинді агрессияға жауап беретін адам деп атап, видео үндеу әзірлеп қойғаны мәлім болды.

Овсянникова үндеуінде «туыс халықтар арасындағы соғысты дереу тоқтатуға» және ештеңеден қорықпай, соғысқа қарсы митингіге шығуға шақырған. «Бәрімізді бірдей қамай алмайды», – деді ол.

Овсянникова көп жыл «Бірінші арнада» жұмыс істеп, «Кремль пропагандасымен айналысқанына» өкінетінін айтқан. «Өтірік хабармен орыстарды зомбилауға қатысқаныма ұялып тұрмын», – дейді үндеуінде.

Бұл акциядан соң Овсянникованы полиция бөліміне әкеткен. Әзірге оған адвокаттары кіре алмай отыр.

24 ақпанда Ресей қарулы күштері Владимир Путиннің бұйрығымен Украинаға басып кіріп, ізінше Ресейдің түрлі қалаларында соғысқа қарсы акциялар басталған еді. Қазірге дейін 15 мыңнан астам адам қамалған.

Соғысқа қарсы акцияға шыққандарға Ресей заңы бойынша ірі айыппұл салынады немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here