Эксклюзивті мазмұн:

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Ресейлік банктердің Қазақстандағы филиалдарынан соңғы үш айда 1.8 трлн теңге шешілген

Санкцияның салдары ресейлік банктерге кері әсерін тигізіп жатыр. Ресейлік банктердің Қазақстандағы филиалдарынан ел тұрғындарғы соңғы үш айда 1,8 трлн теңге шешіп алған. Алайда «СберБанк» тұтынушыларға төлейтін қаржы қоры жеткілікті екенін айтып сендіруде. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен «СберБанк» АҚ ЕБ бірлесіп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq/Today ақпараттық агенттігінің тілшісі.
АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы Office of Foreign Assets Control (OFAC) санкция салынған банктерге қатысты бас лицензия шығарған. Бұл қағида бойынша, банкпен жасалған мәмілелерді аяқтау мерзімі тағы үш айға,13 сәуірден бастап 2022 жылдың 2 шілдесіне дейін ұзартылады. Агенттіктің мәліметінше, СберБанктың батыс елдерінде де бөлмешелері бар. Банк 2-шілдеден бастап тұтынушылармен қандайда бір келісімшарт жасай алмайды. Қаржы институты осы аралықта өз тұтынушыларының алдындағы міндеттемелерді орындауы тиіс.Бірақ бұл қағиданың Қазақстанға қатысы жоқ.

«Бұл көрсетілген кезең ішінде Банктің штаттық режимде шілдеден бастап жұмыс істей беретінін білдіреді. Банк клиенттеріне теңгемен және рубльмен жүргізілетін төлемдер мен аударым операциялары (салықтар, баж салықтары, әлеуметтік аударымдар, т.б.) қандай да бір сомада бойынша шектеулерсіз қолжетімді болады. Бұған дейін OFAC-тың ресейлік «СберБанк» ЖАҚ-қа және оның еншілес ұйымдарына қатысты оларды SDN-ге (Specially Designated Nationals) қосуды көздейтін оқшаулау санкцияларын енгізетіні туралы мәлімдегенін еске түсіреміз. Көрсетілген қаржы ұйымымен және оның басқа да еншілес құрылымдарымен операциялар 2022 жылғы 13 сәуірге дейін аяқталуға тиіс», – делінген ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратқан мәлімдемеде.

Тұтастай алғанда, Қазақстан СберБанкі қаржылық орнықтылықты көрсетіп отыр және салымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдау және беруді қоса алғанда, клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы орындауда. Агенттіктің мәліметінше, елдегі тұтынушыларға дәл қазір алаңдауға негіз жоқ.

«Банктің міндеттемелерін өтеу үшін өтімділіктің жеткілікті көлемін жинақтайтын шамамен 1,6 трлн теңге сомадағы жоғары сапалы несие портфелі бар. Қазіргі таңда Қазақстан СберБанкінде 400 млрд теңге мөлшерінде капиталдың жеткілікті қоры бар. Осылайша, Банктің қаржылық орнықтылығы негізгі ұйымның қосымша қолдауымен бірге клиенттердің төлемдері мен аударымдарына үздіксіз қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лимиттер шегінде азаматтар қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді», – деді Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторындағы ахуалға күнделікті мониторингтеуді жүзеге асырып келеді. Қажет болған жағдайда, сыртқы экономикалық тәуекелдердің қаржы нарығының тұрақтылығына әсерін әлсірету үшін қажетті шаралар қабылдауға дайын

Соңғы

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің 15 облысы мен 3 республикалық қаласынан іріктелген 28 оқушы қатысып, сөз сайысына түспек, -деп хабарлайды...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнарды атып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Күдіктінің 11 айға жуық уақыттан...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here