Ресей әскерлерінің кезекті шабуылынан Украинаның тағыда бейбіт тұрығындары қаза тапты. Харьков облысының Купянск ауданындағы Гроза ауылы шабуылдың астында қалған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Шабуылдан кемінде 49 адам қаза тапты, оның ішінде бір бала бар.
Украина бас прокуратурасының ақпаратынша, тағы 7 адам ауыр жараланған.
Ведомствоның мәліметінше, зымыран соққысы 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 13:25-те жасалған.
Харьков облыстық әскери басқармасының бастығы Олег Синегубов шабуыл жасалған кезде жергілікті дәмханада көптеген бейбіт тұрғындар болғанын атап өтті.
«Азаматтық нысанға – ауылдық кафе-дүкенге зымыраннан оқ атылды. Шабуыл болған кезде дәмханада тұрғындардың бірін жерлеу рәсімі өтіп жатқан», — делінген хабарламада.
Қазіргі кезде үйінді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.