Ресейдің Орынборды жалға алу мерзімі біте ме? СІМ жауап берді

Әлеуметтік желілерде Ресейдің Қазақстаннан Орынборды 100 жылға жалға алғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы KazTAG хабарлайды.

Әлеуметтік желіде «Серік Жанқабай» атты пайдаланушы: «Ура! У России в 2025 году истекает срок 100-летней аренды Оренбурга у Казахстана! Теперь нужно возвращать!» деп жазған.

Алайда бұл ақпараттың тарихи негізі жоқ. Осыған байланысты редакция бірқатар ресми органдардан түсініктеме сұрады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді:

«Facebook желісіндегі «Серік Жаңқабай» атты пайдаланушының постында айтылған дерек шындыққа жанаспайды,» – деп жауап берді СІМ.