Ресейдегі Жайық өзенінде су деңгейі тағы көтерілді

Фото: cdnstatic.rg.ru

Бейсенбі күні таңертең Ресейдің Орынбор облысы Орынбор ауданындағы Жайық өзенінде су деңгейі 1054 см-ге дейін көтерілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«11 сәуір күні сағат 06:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі 1054 см құрайды», — делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.