Ресейде су басқан тұрғын үйлердің саны 16 мыңнан асты

Фото: 24.kz

Ресейдегі көктемгі су тасқынынан су басқан тұрғын үйлердің саны бір тәулікте 1 мыңнан астамға өсіп, 16 мыңнан асты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі ТACC-қа сілтеме жасап.

«Ресей Федерациясының аумағында бір тәулік ішінде су басқан үйлердің саны 1097-ге өсті. 17 сәуір күні таңертең 203 елді мекенде олардың саны 16 057 құрады. Сондай — ақ, су басқан үй учаскелерінің өсуі байқалады, олардың саны тәулігіне 31 039-ға дейін өсті, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 3 351-ге артық», — делінген хабарламада.

Орынбор облысында-15 112, Қорған облысында — 670, Самара облысында — 173 тұрғын үй су астында қалды. Сонымен қатар, сәрсенбі күні таңертең Ресейде 97 төмен су көпірі мен 89 жол учаскесі су астында қалды.