Ресейде Семейге келе жатқан жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 2 адам көз жұмды

Ресейдің Алтай аймағының Рубцовский ауданында Семейге келе жатқан жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«2 наурыз күні Рубцовский ауданындағы А-322 тас жолында Новосібір-Семей бағытындағы жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты. Көлік апатынан 2 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің барлығы автобус жолаушылары», — делінген ТАСС агенттігінің хабарламасында.

 

Qazaq.today