Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды

Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі Ресей Бас прокуратурасының ұсынысы негізінде көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаның күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.kz-ке cілтеме жасап.

Бұл туралы кеңес төрағасы Шамиль Аляутдинов Telegram-каналында хабарлады.

Оның айтуынша, пәтуа Бас прокуратураның оны жоюға шақырған мәлімдемесі мен ресейлік қоғамның реакциясынан кейін кері қайтарылған.

«Бұл — Алланың қалауы, сондықтан Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі бұл мәселе бойынша пікірталасқа түсудің мәні жоқ деп санайды», — деді Аляутдинов.

Еске салайық, бұған дейін Ресейде төрт әйелге дейін алуға рұқсат берілгені хабарланған еді. Бұл туралы Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы мәлімдеді. Алайда ол үшін бір шарт болған еді.