Фото: Pixabay
Ресейдің Краснодар өлкесінде Ейск қаласындағы Поддубный демалыс саябағында аттракционға мінген үш бала зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Ейск ауданаралық прокуратурасы 5 мамырда Ейск қаласындағы Поддубный атындағы мәдениет және демалыс саябағында «Лавица» аттракционының жұмысы кезінде орын алған оқиғаға байланысты тергеу ұйымдастырды, оның салдарынан үш бала зардап шекті», — делінген хабарламада.
Қадағалау іс-шараларын жүргізу кезінде аттракцион иесінің, сондай-ақ аттракциондық жабдықтың жұмысын бақылауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерінің заңдылығына баға беріледі, деп қосты баспасөз қызметі.