Ресей мен Беларусь премьер-министрлері Михаил Мишустин мен Роман Головченко Қазақстанға өнеркәсіптік көрмеге қатысу үшін келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме беріп.
Оның айтуынша, 25-27 қыркүйек аралығында Астанада Экспо аумағында «Иннопром Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.
Көрменің мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу. Көрмеде Қазақстанның, Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ Армения, Беларусь, Пәкістан, Түркия, Иран, Әзірбайжанның ұлттық экспозициялары ұсынылады.
«Жоғары мәртебелі қонақтардың – Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннің және Беларусь премьері Роман Головченконың қатысуы жоспарлануда», — деді Смадияров.
Журналистердің Ресей премьері Қазақстан билігімен қосымша кездесулер мен келіссөздер өткізе ме деген сұрағына СІМ өкілі жауап берген жоқ.
Qazaq.today