Ресей мемлекеттік банкротқа ұшырайды — Еуропа комиссиясының төрағасы

Еуропа комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен Ресейдің банкрортқа ұшырайтынын айтты. Төрағаның сөзінше, батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары әр апта сайын ел экономикасына терең дендеп келеді.Ресейде жүздеген ірі компания жұмысын тоқтатқан,  — деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі tagesspiegel-ке сілтеме жасап.Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, ал ЖІӨ төмендеуі жақын арада 11 пайызға жетеді. Ол Еуроодақ санкциялары жеңіл деп санамады. Сондықтан дефолт тек уақыт еншісінде.

«Санкциялар апта сайын Ресей экономикасына терең дендеп жатыр. Ресейге тауар экспорты 70 пайызға төмендеді. Ресейлік 700 ұшақтың қосалқы бөлшектері мен бағдарламалық жасақтамасы жаңартылмауына байланысты лицензиясынан айырылды. Ресейдің мемлекеттік банкроттығы — тек уақыт мәселесі», — деді фон дер Ляйен Bild am Sonntag неміс газетіне берген сұхбатында.

3