Ресей өзі басып алған Херсон мен оған іргелес аумақтардан әскерін шегіндіріп жатыр. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерді Херсон мен Днепрдің сол жағалауына іргелес елді мекендерден шығаруды тапсырды Украинадағы біріккен әскерлер тобының қолбасшысы Сергей Суровикиннің министрге берген баяндамасында Херсон мен оның маңындағы елді мекендерді қамтамасыз ету және жұмыс істеу мүмкін еместігін, адамдардың өміріне үнемі қауіп төніп тұрғанын жеткізген. “Ең оң нұсқа – Днепр өзенінің тосқауыл сызығы бойынша қорғанысты ұйымдастыру. Сол жағалау бойымен қорғанысқа өту ұсынылады”, — деген генерал.