Фото: ChelseaNews.Ru
«Корольдік клубтың» бас жаттықтырушысы Карло Анчелотти FIFA шақыруын қабыл алмағандарын хабарлады. Себебі өте аз көлемде қаржы ұсынған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Реалдың» бір ойыны 20 млн еуро алып келеді. Ал олар болса бүкіл турнирге сонша қаржы бермек. Әрине, олай болмайды. Өзге клубтар секілді біз де бас тартамыз, — деді Анчелотти.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты келер маусымда жаңа форматқа ауысады. Оған 32 команда қатысып, жазғы бір ай ішінде АҚШ-та жеңімпазды анықтайды.