Фото: РФ Президенті жанындағы Шешен Республикасының Тұрақты Өкілдігі
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жасар Адам, жаңа лауазымға ие болды. Ол Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Тағайындау туралы Қадыровтың өзі жеке Telegram-арнасында хабарлады. Саяси қайраткер ұлының міндеттерін өте жақсы орындайтынына сенімді, деп жазады Zakon.kz.
Сондай-ақ, бұл шешім РУС басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша қабылданғанын айтты.
«Адам Қадыров атақты университеттің қызметімен тығыз таныс. Ол жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды деген сенімдемін», деді Рамзан Қадыров.
Айта кету керек, бұл Адам Қадыровтың алғашқы лауазымы емес. 16 жасар Қадыров Шешенстанның батыры, әкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы қызметінде.