Рамзан Кадыровтың 16 жастағы ұлы оныншы наградасын алды

Фото: t.me/akhmeddudaev

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың ұлы, аралас жекпе-жекте бағын сынап жүрген 16 жастағы Адам Кадыров тағы бір мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл жолы оған республикадағы ең жоғары марапат – Ахмат Кадыров атындағы орден табысталған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы ұлттық саясат және сыртқы байланыс министрі Ахмед Дудаев мәлімдеп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Бұл – оның жоғары адамгершілік қасиеттері мен адалдығына берілген лайықты баға. Адам – нағыз мұсылман және шешен ұлтының өкілі ғана емес, ол өз халқының абыройын асқақтатып жүрген патриот», — деп жазды Дудаев.