«Zamanback» фильмінің жұлдызы Рамазан Амантай дауға қалды. «Хотя бы кинода 3» фильмін насихаттау мақсатында актер көрермендер арасында Toyota Highlander көлігін ойнатқан еді. Алайда, жеңімпаз атанған алматылық Сабинаға уәде етілген Toyota Highlander-дің орнына ескі Lada Largus берілді.
Уәде неге орындалмады?
Рамазан Амантай «Хотя бы кинода 3» фильмін Telegram арқылы көргендерге 4 көлік және Алматыдан 2 бөлмелі пәтер сыйлайтынын жариялаған болатын. 16 қарашада өткен көлік тапсыру рәсімінде актер бұл уәдесінде тұрмай, жеңімпазға Lada Largus ұсынды. Бұл жағдай қоғамда наразылық тудырып, актердің әрекеті сынға алынуда.