«Қызыңды 7 жыл ойыншық етсе көрер едім»: Белгілі журналист Жанқош Тұрардың әйелін сынады

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровтың әйеліне шүйлікті.

Ол жәбірленуші қызға мысқылдап отырған боксшының келіншегін сынға алды. Сондай-ақ танымал адамдардың өміріне қызықпауға үндеді.

“Қыздар, мен инстаға келгелі мың-миллион рет жаздым: Елдің алдында жүргендердің бақытты өмірін көрсеңіз, қызықпаңыз. Ол суреттің артында талай мұң жатыр деп. Әлгі боксшының әйелінде де намыс жоқ екен. Неменеге жыртыңдап күліп, мысқылдап отыр?! Көрер едім қызын осындай біреу жеті жыл бойы тағдырымен ойнап, ойыншық етсе!», – деп ашуланды журналист.