Қызылордада жасөспірім жүргізген көлік жол апатына түсіп, 1 адам қаза тапты

Қызылорда облысы Шиелі кентінде 17 жастағы жасөспірім «Тойота» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 1 жолаушы көз жұмып, 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq.today.

Оқиға 4 мамырда сағат 02.45 шамасында болған. Қызылорда облысының Шиелі кентінде тұратын 17 жастағы жасөспірім «Тойота» маркалы автокөлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай жол-көлік оқиғасын жасаған.

«Жол апаты салдарынан 1 жолаушы қөз жұмып, қалған үшеуі (жүргізушімен қоса) жарақат алды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, оның соңы абайсызда адам өліміне әкеп соққаны көрсетілген. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды», — делінген хабарламада.

Qazaq.today