Қызылордада газ баллоны жарылды: 4 бала ауруханаға түсті

Қызылордада газ баллоны жарылып, жеке тұрғын үй қирады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының Әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылған.

4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, — делінген хабарламада.

ТЖД ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.

Фото: Қызылорда ТЖД