Қызылорда облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әккі ұрыны кезекті бір үйге түскен жерінен ұстады. Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пәтерге терезеден кіріп, әшекей бұйымдарды алып кеткен. Ол Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді.
Тергеу кезінде күдіктінің облыс аумағында 25 пәтер ұрлығын жасап, сол арқылы жәбірленушілерге жалпы сомасы 19 миллион теңге материалдық шығын келтіргені анықталды.
Полицейлер ұрының осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеруге кірісті.
Күдікті қамауда. Тергеу жалғасып жатыр.
16