Қызылорда қаласында бір күнде үш бала терезеден құлап кетті

Қызылорда қаласында бір күнде ересектердің қарауынсыз қалған үш бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті.

Оқиға кеше, 12 мамырда облыс орталығында болған. Сағат 21.37-де көп қабатты үйдің үшінші қабатындағы балконнан үй иесінің 2017 жылғы қызы мен 2018 жылғы туысы құлап кеткен. Олар әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, қаланың сол жағалау бөлігінде көп қабатты үйдің бірінші қабатының терезесінен үй иесінің 2021 жылғы баласы құлап кетті. Ол әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған.

«Ата-аналардан кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Москит торы балаларды терезеден құлаудан қорғай алмайды. Ересектердің қарауынсыз балалардың балконға шығуына рұқсат бермеген жөн. Әрбір баланың өміріне ата-анасы жауапты екенін естен шығармаған жөн», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Ведомство мәліметінше, биыл дәо осындай 7 оқиға тіркелген. Былтыр олардың саны 14 дерекке жетті.