Қызылорда облысының  экс-әкімі мезгілінен бұрын бостандыққа шықты 

7 жылға сотталып кеткен Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты. Ол Қызылорда қалалық  №2 сотының үкімімен осыдан екі жыл бұрын сотталып кеткен еді. Ысқақов ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасына тағайындалған, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленген. Алайда экс-әкімнің жазасы жеңілдеп, түрмеден үйіне оралды.

«Үкім Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық  істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жаза тағайындау бөлігі өзгертіліп, бас бостандығынан айыру жазасы 6 жыл мерзімге дейін төмендетілген. Соттан Қ.Д.Ысқақов өтінішхатын қуаттап, жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен, яғни айыппұл түріне немесе бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұраған», – делінген хабарламада.

Сотта «ЗК-169/5 мекемесі» РММ-нің өкілі сотталған Ысқақовқа жақсы мінездеме берген. Түрме әкімшілігі Ысқақовтың өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішхатына қарсы емес екендіктерін көрсеткен.

«ҚК-нің 73-бабы 1-бөлігіне сай онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін.

Осы негізбен сотталған Қ.Д.Ысқақов жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішхаты қанағаттандырылып, жазасының өтелмеген бөлігі 3 жыл 11 ай 12 күн мерзімі, жазаның қосымша түрін өтеуден босатусыз, жазаның неғұрлым жеңіл түрі бас бостандығын шектеу жазасымен ауыстырылды», – деді Қызылорда қалалық №2 сотының баспасөз қызметі

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here