Қызылорда облысында жанармай құю бекеті өртенді

Қызылорда облысы Арал ауданындағы жанармай құю бекетінде өрт болды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 17 шілдеде сағат 11.43 шамасында аудандық №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 101 арнасына Арал қаласындағы «Sinooil май құю бекетінде» өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына аудандық 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 3 негізгі өрт сөндіру автокөлігі мен 10 қызметкер жұмылдырылған. Тілсіз жау 12:00-де толық сөндірілді.

«Өрт жанар-жағармай материалдарына арналған резервуардың жануынан пайда болған. Зардап шеккендер тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп мәлім етті Арал ауданы әкімдігінен.