Қызылорда облысында қайғылы жағдай болды: 2 адам көз жұмды

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды, — деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасы.

Қайғылы оқиға 24 желтоқсанда сағат 10:50 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 1270-шақырымында (Арал ауданы) болған.

Ведомство мәліметінше, Lexus көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Аталған факт тіркеліп, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.