Салонында 16 оқушымен Түркістанға бет алған қызылордалық көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Оқиға «Шымкент-Самара» автожолында болды. Қызылорда облысынан шыққан «Газель» автокөлігі өртке оранды. Көлік ішіндегі 16 оқушы мен жүргізуші қауіпсіз жерге шығып үлгерген.
«Зардап шеккендер жоқ. Көліктегі оқушылар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан. Қазір өрттің себебі анықталуда», — делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.