Қызылорда облысы прокурорының «әйелінің» кім екені белгілі болды

Шымкент полицейлері «Қазатомөнеркәсіп Қаратау» мекемесінің ғимаратында жанжал шығарып, өзін прокурордың әйелімін деп таныстырған әйелдің жеке басын анықтады, — деп хабарлайды qazaq.today сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай келіншек ешқандай да прокурордың әйелі емес. Полицейлер оны әкімшілік жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.

Әл-Фараби ауданындағы ПБ қызметкерлері әйелдің кім екенін анықтады. 1984 жылы туған жергілікті тұрғын, бұрын азамат Д.-мен некеде болған, алайда ол прокуратура қызметкері емес.

«Қазіргі уақытта әйел ресми түрде ешкіммен некеде жоқ» деп хабарлады Шымкент қалалық полиция басқармасы.

Әйелге қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатыр.

27