«Қызметтен кетіре алмай жатыр»: Шымкенттегі аурухананың бас дәрігері Тоқаевтан көмек сұрады

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай басшылық тарапынан қысым көріп жатқанын айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Ол соңғы екі айда өзіне қарсы науқан жүріп жатқанын айтады. Бас дәрігердің видеоүндеуі журналист Михаил Козачковтың Telegram-каналында жарияланған.

«Соңғы екі айдан бері жұмыс істей алмай келемін, өйткені қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков тарапынан қысым болып жатыр. Осы екі айдан бері мүлдем операцияға кірмеймін, науқастарға ақыл-кеңес айтпаймын. Өйткені, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді, үстімнен түрлі жөн-жосықсыз арыз-шағымдар ұйымдастырады. Сол арыздардың негізінде тексерулер болады. Соңғы екі айда түрлі органдардан, оның ішінде құқық қорғау органдарынан да 20-дан астам тексеру келді. Бірақ, ешбірінде арыздағы мәліметтер дәлелін таппады», – дейді Абылай Донбай.

Денсаулық сақтау басқармасының бас дәрігері мені қызметтен кетіре алмай жатыр дейді ол. Тіпті, ашық қоқан-лоққы жасаған да көрінеді.

«Нұрлыбек Асылбековпен жеке сөйлестік, ол маған сөгіс беремін, артынан қатаң сөгіс, сосын қызметтен қуамын деп ашық айтып отыр. Мен шетелде оқығаннан кейін сол жаққа кетіп қалмай, өз елімде қызмет қыламын деп осында қалдым, Шымкентте денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосып келемін», – деп араша сұрады дәрігер Қасым-Жомарт Тоқаевтан.

Қазір Абылай Донбай әлеуметтік желіде өзіне қарсы науқан ұйымдастырған фэйк-аккаунттарды анықтау үшін полицияға арыз түсіріпті. Айтуынша, Telegram-каналдарда белгісіз біреулер оның ар-намысына, беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратумен айналысып келеді екен.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here