Фото: facebook.com/Марат Күштібаев
Қыз зорлады деген күдікпен 11 жылға сотталған Марат Күштібаевқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Жетісу облысы сотының апелляциялық сатысының қылмыстық алқасы қыз зорлағаны үшін сотталған бұрынғы жоғары лауазымды полицейге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды», — делінген хабарламада.
Кабинетінде қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев үкіммен келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірген еді.