Қытайда жарылыстан 22 адам жараланды

Фото: Pixabay
Бүгін Қытайдың солтүстігіндегі Хэбей провинциясының Санхэ уезіндегі ресторанда жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұл сәт бақылау камерасына түсіп қалған.

Соңғы мәліметке қарағанда, 1 адам қаза тауып, 22-сі жараланды. Кейбір болжамдарға сүйенсек, жарылысқа газдың тарауы түрткі болса керек. Дегенмен нақты себебі анықталған жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қираған мейрамханаға құтқарушылар мен тергеушілер тобы жетті.