Қытай Пелосидің Тайваньға сапарына қатаң жауап беруге дайын екенін растады

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келсе, Қытай барынша қатаң шараларды қабылдауға ниетті. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрінің көмекшісі Хуа Чуньин айтты, – деп хабарлайды qazaq.today сайты Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Калифорния штатының Конгрессмені, Трамп әкімшілігінің сыншысы және демократиялық партиясының ардагері Нэнси Пелоси 2019 жылы тағы да АҚШ конгресі өкілдері палатасының спикері болып сайланған еді. Бұл қызмет Президент пен вице-президенттен кейін Вашингтондағы маңызды үшінші қызмет қатарына кіреді.

Қытай сыртқы істер министрінің көмекшісі Хуа Чуньин АҚШ палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға жоспарланған сапарына байланысты Қытайдың АҚШ-пен байланыста екенін айтты. Ол АҚШ «тұтас Қытай қағидасын» қатаң сақтауы керек деп қосты.

«Қытайдың бірнеше ескертуін елемеген америкалық тараптың ойланбаған әрекеттеріне қарсы біздің тараптан қандай шаралар қолданса да, олар заңды әрі қажет», – деді Хуа Чуньин Бейжіңдегі баспасөз мәслихатында.

Хуа Чуньин АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Пелоси Тайваньға бару-бармауын өзі қабылдайды деген мәлімдемесіне де жауап берді.

«Сіздерге АҚШ Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздік мүдделеріне нұқсан келтіргені үшін жауапкершілікке тартылып, оның құнын төлейтінін айта аламын», – деді Қытай шенеунігі.

Еске салайық, Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына қатысты әзірге ресми мәлімдемелер болған жоқ, бірақ шетелдік БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасап, ол аралға 2 тамызда кешке баруы керек деп жазады. Сондай-ақ, 3 тамызда Пелоси Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнмен кездесуі керек екені хабарланды.

Бұған дейін Қытай төрағасы Си Цзиньпин Тайвань төңірегіндегі шиеленістің күшеюіне байланысты АҚШ президенті Джо Байденге ескерту жасаған болатын.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here